Бейсенбі, 26 Наурыз , 2026
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Кіру
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Әдебиет
    • Поэзия
    • Проза
    • Сын
    • Кітаптар
    • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Көркемөнер
  • Өнертапқыш
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ
Бастапқы Поэзия

Ричард БРОТИГАН «Мен сол сәттерді зарыға күтудемін»…

«Жерасты әдебиеті» редакциясы жазған «Жерасты әдебиеті» редакциясы
28.03.2023
- Поэзия
0
Ричард БРОТИГАН «Мен сол сәттерді зарыға күтудемін»…
404
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-ге бөлісу

Ричард БРОТИГАН (1935-1984)

Қазақ тілді аудиторияның назарына Ричард Бротиган есімді ақынды ұсынғым келеді.

Аудармашыдан

    Ричард Бротиган (1933-1984 ж.ө.с) – америкалық жазушы әрі ақын, 60-70-ші жылдардағы контрмәдениет ағымының жарқын өкілі. Оның шығармашылығы жеңіл әзіл, өзіндік ойлау жүйесі, жосығы бөлек поэтикалық сөз ойнатумен ерекшеленеді. Ол Марк Твен мен Хеменгуэйдің ізбасары, 60-шы жылдары өмір сүрген битниктердің соңғы толқыны, көрнекті ақын. Оның жәйдан-жай сүйікті ақын атанбағанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Енді Ричардқа қазақ тілді аудитория да өз бағасын бере алады.

◇ алғашқы жұлдыз

ымырт.
өзен суы биіктен құлап ағып жатты
маңайды қоңыр салқын лебімен
аймалап.

інім екеуміз
өзен жағасында отырдық сонда.
оған гүлдің жұлдызға
ғашық болғаны
жайындағы
ертегі айтып бергем.

мен ертегімді айтып болған сəтте
інім аспаннан
алғаш боп жылт еткен
жұлдызды байқап қалды дағы:
мына жұлдызға ғашық болған ба?
– деп сұрады.

 

◇ махаббат жайлы

таңертең жалғыз ояну
қандай
ғажап:
əлдекімге
сүйетініңді дəлелдеп, 

әуре болмайсың…

◇ махаббат деген

махаббат деген –
бұғыны
құшырлана
жеп жатқан арыстан.

махаббат деген –
көктемгі жаңбыр астында
жаңа шыққан шөпті
ақырын ғана
кеміріп жатқан қозы.

махаббат деген –
махаббат барын біле тұра
оған дейінгілер не десе де,
махаббат жайлы айтары жоқ,

әйтсе де
«Махаббат деген…» – деп
жазып жатқан
сайтан алғыр
ақын.

 

◇ егер жәй ғана…

егер әлдекім
сені жәй ғана
санаң үшін құрсеттесе,

онда оның
тәніңе де құмартуы
шарт емес.

əуре болмайсың
(сезім сөніп үлгерсе де).

 

◇ екі билет. махаббат. отыз цент

өзің жайлы ойдың тереңіне
батып кеттім білем –
автобусқа отырғасын
жолақыға 30 цент төлеп,
екі билет сұраппын.
кейінірек ұғындым
екінші билеттің
артық екенін…

 

◇ күндер

мен жолбарыстар күнінде өмір сүрдім,
сол күні олардың азу тісіннен
ағып тұрған қан көрдім.

мен гүлдер күнінде ғұмыр кештім,
сол күні олардың нәзіктігінен
күлкінің тамшылап тұрғанын көрдім.

 

◇ мәңгілік ойын

өмірдің
оңайлығы мен
өлімнің қиындығы
мәңгілік деп аталатын
ойын ойнауда
өмірдің
қиындығы мен
өлімнің оңайлығына қарсы.

 

◇ кідіріс

біз қайбір күні
кідіріс жасап,
көліктен түсіп қалдық.
сенің шашыңды жел тарап тұрды сонда.
бұлай кідіріс жасау ойда да болмаған.
мен бәрін айтуға оқталып,
саған бұрылдым бейуақ…

 

◇арманшыл

біз ешкімге белгісіз арманшыл жанға
солдаттан маңыздырақ болғаны үшін
ескерткіш қоямыз әлі,
және ол күн алыс емес.

 

◇ күту

оның
ернінен
сүйіскен сәттерімізден қалған
бір құшақ гүлдей
сәттерді жиып,
өз жүрегімдегі
құмыраға
салмағаныма
көп жыл өтті.

мен сол сәттерді
зарыға күтудемін

ғашықтықтан.

 

               Аударған: Нұркен НҰРҒАЗЫ

 

Сөзбелгілер: бротиганөлеңпоэзиястильтүйсік
Алдыңғы жазба

Рүшті ОНУР «Бас киімім мен аяқ киімімді емес, өзімді ғана еске алыңыздар»…

Келесі жазба

Винсент Ван Гог «Кеше біз қандай болсақ, бүгін де сондаймыз…»

Ұқсас мақалалар

Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»
Поэзия

Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»

22.03.2026
271
Еділбек ДҮЙСЕН өлеңдері яки «түйсіктің жаңа ракурсы»
Поэзия

Еділбек ДҮЙСЕН өлеңдері яки «түйсіктің жаңа ракурсы»

21.02.2026
874
Поэзия

«…Қазақ поэзиясы ойға келіп арқа сүйеді»

22.11.2025
890
Поэзия

Джетон Келменді: «…сіз миссиялық өмір сияқты мағынаға толы сөздерді жақсы көретінсіз»

12.02.2025
1.8k
Келесі жазба
Винсент Ван Гог «Кеше біз қандай болсақ, бүгін де сондаймыз…»

Винсент Ван Гог "Кеше біз қандай болсақ, бүгін де сондаймыз..."

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралған

  • Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    Эдгар Аллан По: «THE PHILOSOPHY OF COMPOSITION» – Жазу өнерінің философиясы

    0 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0
  • Томас Стернз Элиот: «Поль Валери немесе көлге қарап тұрған Нарцис пен мистикаға толы бойдақтың жалғыздығы»

    0 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0
  • Эдгар Аллан ПО: «…Америка поэзиясы немесе ұятты монополияға қарсылық»

    0 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0
  • Фри́дрих Ви́льгельм Ни́цше: «ЗӘРДҮШТ ОСЫЛАЙ ДЕГЕН»

    0 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0
  • Жемаль Сүрея: «Фольклор» – поэзияның жауы»

    0 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0

Сөзбелгі

Your browser doesn't support the HTML5 CANVAS tag.

  • таным
  • әуендер мен естеліктер
  • жаңалықтар
  • жаңа өлең
  • философия
  • еркіндік
  • абсурд
  • кітаптар
  • аударма
  • түрік поэзиясы
  • үрей
  • ойлар
  • түйсік
  • жазу
  • қоғам
  • поэзия
  • жындыхана
  • Жұлдызды түн
  • өлең
  • сын
  • әңгіме
  • өнертапқыш
  • сағыныш
  • сен және ол жайлы
  • стиль
  • әдебиет
  • картиналар
  • айна
  • проза
  • қазақ әдебиеті

Кітаптар

ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ

«ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ» порталы – Қазақстандағы тәуелсіз әдеби кеңістікте қалыптасқан әдебиет пен өнердің онлайн-платформасы.

Байланыс

  • Бас редактор: Қарлығаш ҚАБАЙ
  • Email: karlygaaaa.sh@gmail.com
  • Мекенжайы: Астана / Қазақстан
  • Телефон: +7 747 702 9797

Соңғы жазбалар

  • Файзулла Төлтай поэзиясы яки шытынаған айнадағы «мен»
  • Фёдор Михайлович Достоевский: «Адал ұры»
  • Кейт ШОПЕН: «Бір сағаттың хикаясы»

Айдарлар

  • Жаңалықтар
  • Кітаптар
  • Көркемөнер
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Поэзия
  • Проза
  • Сен және ол жайлы
  • Сын
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Поэзия
  • Проза
  • Сын
  • Кітаптар
  • Сен және ол жайлы
  • Мультимедиа
  • Өнертапқыш
  • Көркемөнер

© 2026 ЖЕРАСТЫ ӘДЕБИЕТІ - шекарасыз сөз порталы.