СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ: «САЯСИ ӨМІР»
Билік пен халықтың арасындағы көпір не!?
Саяси партиялардың жарқын дәурені формалды түрде өтіп жатыр.
Жіміле әлемде өз-өз заң, қарарлары ұстаным бағыттары бойынша жүреді. Ежелгі партиялық құрылымның (PARS) өзі өзгеше болған. Айталық, бір жақтағы қанаты – оң (әсіре оңшыл) және сол жақтағы қанаты (әсіре солшыл) – және орталық (түб) деген түпқазыққа мықтап байланған желісінде саяси басқарушы тұғыры бекітіліп тұратын құрылым-ды.
Ел-жұрт тарапы өз сөзін сөйлейтін өз өкілетті уәкілдерін сайлау, оларды нығайту, қоғамдағы түрлі пиғылдағы (жамағат) азаматтарды өзіне икемдеп тарту, билікті қолға алу, сол тұрғыда үкіметті жасақтау, құру қатарлы саяси шешім жұмыстарымен айналысатын құзыретті құрылым осы – дербес институт, саяси партия. Әйтеуір осы құрылымды әу бастан жұмысшы, буржуй, зиялылар тобы құрайды да таптық, бұқаралық сыпатта өз-өз платформаларын ғылыми тұрғыда жүйелеп түмен жұртқа түгел жария етеді. Партияның классикалық негізі – бұқаралық сипатта болуы, ата заңға негізделіп, заң бойынша жасақталып құрылуы, «оңшыл» (консервативтік, либерал, либертар, жасылдар, ұлттық, фашистік) және «солшыл» (Социал-Демократиялы, социалистік, коммунистік тсс.) деп жан-жаққа ортақ мүдде және бір идеология шебінде бағытталуы жасанды, қисынды дүние әу бастан. Үйірмелер, көлептер (клуб), жиналған мүдделері ашық пікірталасқа сәйкескен азаматтық топтар, кәсіби бұқаралық белсенділерден құралатын жымдасқан ұжым – партия.
Партиясыз елдер бар
Бірақ та кейбір елде, жерлерде саяси партиялар мүлде атымен болмайтыны тағы бар. Мысалы, өлшеусіз билік құратын хандық құрылымы бекіген елдерді айтуға болады. Араб түбегінің шығысындағы шағын мелекет Оман сұлтандығы баяғыдан саяси партиясыз ел. Сонымен бірге іргелі Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ) һәм Абу-Даби де солай. Иордания сүннитері һәм монархиялы жүйе саяси партия жүйесін әдейі шәриғат пәрменімен бе әйтеуір өзіндік бір ерекше ұстанымдары арқылы шектеп тастаған ежелгі отырықщы жұрт. Бұдан өзге Бутан сұлтандығы – баяғы айдарлы тибеттерден бөлінген шәкене ғана мемлекет. Бұл елде саяси партия түбірімен жоқ.
Бір партияға иек сүйеген елдер
Бір ғана партиялы құрылымды өз заңдары арқылы тұрақты қолданатын елдер: бұрынғы КСРО-дағы КПСС, бүгінгі Қытай Халық Республикасы немесе ҚХР-дағы 1921 жылы тағаны тартылған Қытай коммунистік партиясы. ҚКП - 1949 жылдан бері билік құрған авторитарлық бір жүйелі құрылым.
Кариб теңізінің солтүстігіндегі арал Куба Республикасында баяғы коммунистік КОККП жекеше дербес билік құрады. Шығыс Азиядағы Корей түбегіндегі (екі бөлікке бөлініп) орналасқан мемлекет – Корей Халық Демократиялық Республикасы КХДР-дың Еңбек партиясы басқарады. Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан социалистік мемлекет – Вьетнам Респуликасы – бірпартиялық парламенті бар социалистік ел. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы һәм Үндiқытай түбегiнің орталық бөлiгiнде орналасқан мемлекет – Лаос ЛХДР да бірпартиялы жүйені таңдаған ел. Бұлардың кейбірінде әлденеше ұсақ партиялар болғанымен олардың көбісі - жетекші партиялардың құзыретті таңдауына тәуелді «өкіл балалар».
Екі партиялы елдер де бар
Бұл құрылым әрине АҚШ-ында Республикалық және Демократиялық партиялары (Grand Old Party, GOP) саяси тату және күрделі күндес құрылым, кезектесіп билік жүргізеді. Ұстанымы жағынан әрине оңшыл және солшыл тұрғыда. Американың партия тауыриһатының бастауы 1854 жылды көрсетеді. Содан беріде тым аз емес уақыттар аясында тарихи жылдар өтерілсе керек. Осы үлгіні Ұлыбританияда Консервативті және юнионистік партия (Conservative and Unionist Party) байырғы атауы Торилер (The Tories) қолданады. Мұнда дәстүрлі консерваторлар мен күшті «тетчершілдері» жанталасқан Канада Либералдық партиясы, жаңа демократиялық партиялары билік үшін күресті. Дейтұрғанмен үшінші саяси күштері мен фракциялары заң аясында өте қарқынды жұмыс жасайды.
Көп партиялы үкіметтік құрылымдар
Әрине мұндайлар да болады әлемдік саяси өмірде. Үштен төрт негізгі пратиялы ірілі уақты (ірі және ұсақ елдер - РС) елдер бар. Саяси текетресте төртеуі де жеке дара Үкімет құра алатын қауқарға ие болады кейбір кезеңде. Кейбірінде мұндай жеке дара билік жүргізер үкімет құру құқығы да заңмен шектеулі болады. Парламентке көп партиялардан өкілдер сайланатындықтан бір партияға жеке дара үкімет құруға мейлінше тиімді мүмкіндіктер бола бермейді. Бұдан шығатын жол: ең көп дауыс жинаған партия ретімен дауыс алған партиялармен біріккен одақ үкіметін жасақтайтын жайлы көптеген елдердің тәжірибелері бар. Мыдаған мысаладар келтіруге болады. Соңғы модельдер бойынша Еуропа аймағындағы Сербия, Латвия, Эстония болса бұрынғы державалар ежелден қаланған кәрікекселерден Гармания, Италия, Чехия, Бельгия, Дания т.с.с.
Оңшылдағы түб көзқарастағылар
Консерватив юнионизмнің біріккен лейбористлері Ұлыбританиядан ғана тұңғыш рет көрінген құрылым. Ішінен классикалық, фискаль, мәдени, либерал, ұлттық ноеконсерватизм деген әйтеуір қалың қатпарлары бар. Бұл енді 1940 жылғы Уинстон Черчилльдің (Sir Winston Leonard Spencer-Churchill) идеасымен жүзеге асқан ұтымды санаттағы саяси құрылым. Бірақ, 1945 жылы жеңіліске ұшыраған.Ұлыбритания тарихында 1970 жылы үкімет басшысы болған патшайым неолибералист Маргарет Тэтчердің (Margaret Hilda Thatcher, Baroness Thatcher) тұсында өте тәуір қарқын алған тың құрылым дейік.
Сонымен қатар АҚШ-тың 4- президенті Роналд Рейган, Чилидің шеңгелді генералы Пиночеттің тұстарында да билікте шарықтаған құрылым бар. Лейбористік партия тағы да сонау Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан таңғайып мемлекет Аустралияда осы құрылымға құмартады. Айталық, 1918 жылдан жаңа социалдық ұстаным, ережесін бектікен. Бүгінгі Социал демократтар Партиясы осы (СДП). 1924 жылдан бастап коммунистік партиядан ажырап дербес кеткені ел. Ұстанымында жеке меншікті кәсіпті ерекше қолдайды, коммунистлерше күш қолданбайды, тек қана рефорома, жаңару, жаңғыруды қалайды. СДП жариялылық, көппариялылықты жақтауы жағынан тіпті теп-тегіс десек дұрыс та емес. Дейтұрғанмен ұлттық құндылықтарды қолдайтыны жағынан советтік үлгідегі КП-дан өзгеше. Олар тіпті оңшыл көзқарастан да оқшауырақ. Осы тұрғыда СДП-сы бір тегіс әлеуметтік экономикалық тұрғыла солшыл бағытты да ұстанады. Бұл арада бизнеске мемлекеттің жөнсіз кірісуін жөн көрмейтін және жұмысшы, диқандарды қолдайтындығымен өңгеше әрі фракциялары да оңды тәуір саясат жасайды. Соңыра ендірілген әсіре оңшылдар мен әсіре солшылдардың түбірі бір – күлгін және радикалдарға барып тіреледі.
Ескі ілімдер, изм-дер мен жаңа идеалдар
Карл Маркстің біз көрген, көнген бүгінгі көнерген «марксизмі»; Лениннің ұлы көсемдігі; бәрін қудалау, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей» тіленшілік, жеке басқа табынуға қарсы батыстағы біз көрмеген – франкфуртизм; тағы да көне гректік (femina феминизм) – әйелдердің құқығы, жұлдызды популизм – «халықшыл»; сыңаржақты авторитаризм, әсіре үстемшіл монархия, диктатура, теократия; соңыра ғана бізге жеткен су жаңа технологиялық жасанды интеллектілі бағдар, біз өте жек көрген капитализм. Иә бұлар бұрынадан келе жатқан «ілімдер» еді. Бүгінге шейін ХХ ғ. саяси идеологиясы оңға, солға, марксизмге, нацизмге қарай ауысып қайта-қайта алмасып келді. ХХІ ғ. түрені келгенге дейін біртұтас қасаң идеология әйтеуір әзірше ыдырап кеткен секілді. Анти (anti) немесе қарсы, Теодор Левиттің global немесе глобализм (жаһандану), феминизм қатарлы ағымдар да келді.
Сеніммен іргелес, наныммен өңдестер
Конфессия (confessio) ғибадат сенімімен саясатқа көшбасшы болатын партиялар христос, католик, протестант, ортодокс, ислам, Күн астындағы елдің ойлап тапқан ілімі күңзі, буддизм қатарлы сенімнің негзімен іс жүргізеді, әрі бішама күшке де ие. Мылжыңдай берсең мысал көп. Талас та жоқ емес. Солтүстік, Орталық Еуропа құрлығындағы елдердің немесе немістердің мәдени өрлеу-тарихи өрісті дамуы тұсындағы бастапқы тамаша да күрделі кезеңге – Реформация дәуірі деген атау таңбаланады. Реформация (reformatio) – XVI ғ. табалдырығында оралған байырғы неміс топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және өтте күшті әлеуметтік-саяси қозғалыстың бастауында болған. Көсемдері лютеризм һәм Мартин Лютер (1483-1546) және кальвинизм Жан Кальвин (1509-1564).
Сайлау жүйесіне қатысты бірер сөз
Сайлау тәсілі сонау көне Грек Ұрымдық (Рим) билік дәстүрімен бірге байырғы орта ғасырлардан бері ашық және жабық дауыс беру түрлерінде ойлап табылған тур пиары есебінде өтіп келді. Қазақ тарихында да ашық дауыс беру үдерісі болған. Болыс сайлауы тұсында... Қол көтеріп сайлау, ресми түрде жазбаша түрде дауыс беру үдерісі әлемде бүгінге шейінгі қолданыстағы ысылмалы тәсіл. ХХ ғ. түгелдей демократиялық үдеріске көшті. Сайлауға түрмеде отырғандар мен ақыл-есі ауысқандар және кәмелеттік жасқа жетпегендер қатыса алмайды... Енді осы замандық жаңа технологиялық мәндегі заңды электрондық құрылғылар, sms арқылы ғаламторлық торабы арқылы оңтайлы онлайн-платформалық дауыс беру тәртібі қосылды.
Тарихтағы тұңғыш парламенттік жүйені сайлауды Англия патшасы ханның ықпалымен жасап берген саяси құжаты немесе хартия (chartes) бойынша қолданысқа енген. Эдуард І бастап Эдуард ІІІ бүгінгі қолданыстағы парламенттік қос палаталы саяси құрылымды өмірге келтіргені бар.Текті ақсүйектер, ірі діни қайраткерлер және қисапсыз бай ауқаттылар бір жағында таразы басын иемденетін болса: екінші жағында – ескі шәһардың барлық қайманалары толықтырған парламент тағыны сол кезден бастап тартылды деуге болады. Соңынан (Königreich Polen und des Großfürstentums Litauen) Речь Посполитой (1569-1795) құрылымы Сейм өмірге келді. Оның жалғасы іспетті бүгінгі Польшадағы тәуриһәтті тәуір құрылым.
Сайлау қалай, қандай тәсілмен жүргізіледі!?
Бүгінгі әлемдік деңгейде сайлау жүргізетін үш тәсіл екі ғасырдың ғана аражігінде қолданысқа енгелі көп бола қойған жоқ. Мұнда, мажоритар (басым көпшілік), пропорционалды сайлау және аралас дауыс жинау тәсілі негізге алынады. Мажоритарлық тәсілді бұрынғы ТМД елдеріндегі Әзербайжан, Беларусь,Түркіменстан қатарлы бірқанша елдері және АҚШ, Франция, Канада, Ұлы Британия өте жақсы әрі барынша тиімді қолданады. Пропорционал (proportіo) тәсілін бұрынғы кеңестік шеңгелден шыққан ТМД елдерінен: Латвия, Грузия, Өзбекстан, Эстония елдері және дамысы жедел, өркені өміршең саналатын өргі батыстың елдері Испания, Исландия, Дания, Австрия, Нидерландия, Норвегия, Түркия, Швеция тт. державалар жақсы көреді барынша дау-дамайсыз кең қолданады.
Мажоритар (majorite)
Мажоритардың артықшалығы – бірін-бірі ежелден жақсы танитын, жеке тұлғаға ерекше сенетін қазақтың бұрынғы, соңғы руларына тиімді... Ал, ақаулы жағы – кімнің руы көп іргелі елі болса сол үміткерге тиімді де жеке дара атын ұсынып «жеке батыр» болып ешкімге көнбей кетуге де бейім болуы мүмкін. Тіпті ішінара кейде дүбәра тарайбалист дөрекі депутаттарды туғызып популизмге жол беріп алады. Тәсілі мен тәлімі тіпті түрлері жағынан да бірнеше бөлікке бөлінеді бұл тәсіл де. Мысалы: қарапайым көптік дауысты ұстанумен немесе 50+1деген шектеуге де тоқтайды. Осы межеге жетпегендер арасынан қайтадан сайлау жүрілетін ақаулы жағы тағы бар. Салыстырмалы көптік дауыс бойынша үміткер 50% дауыс ала алмаса да ең көп дауы алғаны жеңіске жетті деп саналатыны тіптен әділдікке жұғымсыз, қисынсыз, тиімсіз. Толықтай немесе абсолюттік көптік дауыс жинаған үміткерлердің бір тобы осы тәсілді ұнатады. Бұл тәсілді тұрақты қолданушы елдер қатарына АҚШ, Канада, Франция, Ұлы Британия т.т. саясат пен сайлау мәдениетіне төселген оны игерген державалар алғы шепте.
Пропорционалдық тәсілі тек саяси партияға дауыс беру тәсілі. Оның кемшін тұстары да бар. Аралас сайлау – құрылымы жағынан жоғарыдағы екі тәсілді қосарымен қолдануды көздейтін егжей-тегжейлі сыналмалы модель тәсіл. Соңғы тәсілдің ұнамды, ұнамсыз жақтары болса да тіптен жаман тәсіл емес.
Аралас тәсіл
Қазақстан №1 аралас тәсілді (модель) қолдануы парламенттік жүйенің қос палаталы құрылымының қалыптасуына (құдайдың қалауы болар РС) бұйырықша сәтті сәйкесті. Ағылшын-саксондық елдердегіден өзгеше – Жоғарғы палата Сенат 50 мүше болса оларың 40-ы тура емес сайлаумен, қалған 10 таңдауды президент құзыретімен тағайындайды. Бұның 5-еуі халықтар атынан кеңесші ұйым делінетін «саяси жасанды серіктестік» кешелі бүгінгі Ассамблеяға тиеселі. Ал, төменгі палата Мәжілістің 98 депутатының 69-ы партия тізімімен анықталса, қалған 29-ы мажоритарлық тәсілмен сайлануы – өткен өтпелі кезеңдегі саяси өзгерістердің бір ірі нәтижесі. (Турасын айтқанда тұңғыш реткі әрекет бойынша: 1995 жылғы 30 тамызда конституциялық референдум өткізілді де Тәуелсіз Қазақ Елінде Мәжіліс пен Сенат аталатын жаңа стаус-кво екі палаталы Парламенттік құрылымды жасақтауға арналған де-факто (de facto) Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасына дауыс берілді).
Бұған айтылатын қарата айтылатын қоғамдық белсенділердің оңды, солды сын, пікір алуандылығы һәм долбарлы, долбарсыз әрқилы көзқарастары өте көптеп саналады және бірен-саран альтернативті ұсынымдары да өз алдына жетеді.
Сайлаудың жалпылама заңды түрінің көпке мәлім түрі – «кезекті түгенінші реткі сайлау» немесе қандайбір саяси маңызды себептермен өткізілетін – «кезектен тыс сайлау». Бұл енді кейбір өкілдердің босаған орнына сайлау жүргізу, кейбір жағдайда – қосымша сайлау жүргізіледі деген ұғымға сәйкес саяси жаттанды әрекет. Ал, барлық сатылы сайлаудың қандайбір себептермен қайталануын – «қайта сайлау» деген заңды әрекеттер заңда көрсетілген көрсеткіштер мен заңды түрдегі баптар бойынша қолданылады. Қазақ Елінің сайлаушылары өткен Тәуесіздіктің жеңісті жылдарынан бергі уақыттарда осылардың түгелін басынан кешірді деуге болады.
Сайлауда дербес атты ұсынады
Ұзаққа бармай-ақ бұрынғы кеңестік (сәбеттік) жүйедегі түрлі елдердің тәуелсіз, бостан болғаннан кейінгі сайлауларда өкіметтік заң қабылдау орындарына депутаттыққа жеке дара атын ұсынушылдық саяси дәмелілердің мөлшері есе көбейгені байқалған. Ескі саяси қызыл жүйе, номенклатуралы бір партиялық ғұмырдан көңілі қалған жұрт жаңадан ғана қауызынан бүр жарып шыққан кенже партияларға бұрынғыша бағына қоймады да әр кезде олардың ұсынған платформалы бағдарламаларын тым жақсы қабылдай алмай жүрді. Дейтұрғанмен кейбір елдерде КП басқарған қызыл жұлдызды өкімет және жұлдызды партбилеті бар коммунистлерді қуып таратып та жіберді. Дегенмен коммунизмнің шекпенінен енді ғана шыға бастаған (Детская болезнь «левизны» в коммунизме» 1920 г.) сықылды зиялылар жаңа демократия ұранын көтергендерден мүлдемге жатырқап сенбеді. Сөйтіп әр еллде бір өтетін кезекті сайлауда жұрт алдында «жеке батыр» рөлінде ойнайтын мандатты «нәрестелер» көрінді. Беларусь еліндегі (жан саны 9 жарым миллион) 13 партия таласып 5 партия, 89 дербес тұлға билікке келген. Түркіменстанда (жан саны 6 миллион) 3 партиямен бірге 48 дербес, Әзербайжанда (жан саны шамамен 10 миллион) 12 партияның 9-ы жеңіп, 41-і дербес ту ұстаған. Сонымен қоса Литвада (жан саны 3 миллионға жуық) 17 партия саяси бәсекеге түсіп 10 партия 4 дербесімен парламенттік құрылымының құлағын ұстады. Қарапайым халықтың мүддесін қорғайтын дербес үміткер өкілеті парламентте белгілі дәрежеде болуы ең маңызды.
Қазақстанның парламент сайлауы
Әлемдік санатта Қазақстан экономика және еңбек қатынастары недәуір өрлеген кезінде: «бизнесті жеңіл жүргізу» дамуды басқару жолындағы әлемдік рейтингінде нәтиже көрсете бастаған тұсында яғни 2016 жылы 20 наурызда өткен сайлауда «Нұр отан» жеңіске жетті де соңынан «Ақ жол» және «Коммунистк халық партиясы» мәжіліс өкілеттігіне ие болағаны тарихта өз-өз реңкімен қала береді. Парламенттік партия өкілдерінің пікірталастарының әжептәуір кеңеюі, тұрақты комитет немесе палаталардың өзіндік саяси қимылдары бірсыпыра оңала бастағаны осы тарихи тұстарда байқалғандай болған-ды. Парламенттің экономиканы басқаруға көшкен бір тарихи өміріне баға беру әлі ертерек секілді. Мүмкін әлі ширек ғасырдан кейін нақты бағалануы да заңды. Ал, өтпелі кезеңдегі біржақты авторитарлық саяси дәурен өзімен кетті, де бұдан да бұқара жұрттыі көші жүріп өтті. Енді жаңа Қазақстанның кезеңінде жаңғырған өкімет құрылымы жалғасын тауып жатса құп. Демек, сайлау тарихындағы аралас тәсіл, парламент тарихындағы қос палаталы құрылым әлі де жалғаса беруі артық емес пе деген пікірдер де бар. Саяси «жыртықты» дұрыс жамау барысында мұндай аса нәзік істі дұрыс қылу үшін аса қырағылық, сақтық қажет етіледі.
Парламентаризм...
Бұл әр мемлекеттің қантамырын жаңғыртуға арналған мемлекетті басқарушы саяси институт құрылым. Тарихы тереңде. Баяғыдағы сонау Ағылшын билеушісі Герихтен бастау алып, XVI-XVII ғасырдан қайта жаңғырған. Конгресс, Сенат, Кеңес, Сейм, Құрылтай деген түрлері бар. Атқарушы билікке нұсқаушы, жалпыхалықтық өкілетті дербес заң шығарушы орган. Ғаламдық тарихи жағы сан алуан, мәмілелік жүйенің мемлекеттерде жүйеленген түрі.
Консервативтік, либералдық, социал-демократиялық, коммунистік (радикалдық), фашистік деген сатылардағы биліктің үштағанының бәрінде осы құрылым түрлі идиеологиялық (ideology) тұғырда өмір сүрген, жетілген. Черчилль мен Бисмарк – консерватив, Мальтус, Франклин мен Рузвельт – либераль, Маркс пен Мао – коммунист, Адольф Гитлер мен Муссолини фашистік, Тауней (R.H.Tawneу) социал-демократтық бағытты ұстанса да қалың жұрттың көзқарас алуандылығы өкілеттік орындардан көрініп қалып жүруі – осы құрылымның өміршеңдігінде дегені бар. Себебі, бұл құрылым қазақ үшін бағзыдан бастап қайманалық сыпаттағы мәслихаттасудың тетігі. Қазақтық байырғы көшпелі ғұрып пен кешегі дәстүрлі таңдаулары да әр кезеңдерде осы текті өзгеше болған.
Бұл ұлы далалық демократиялық құндылықтарды сақтауға арналған кәдімгі қара өлеңдегі «алтын сандық». Сойы – Құрылтай, арғы байырғы атауы – жиын-алыс. «Күнтөбенің басында күнде жиын...» – осы орын. Бүгінгі қазақтың саяси-экономикалық реформаларының тұғырнамасы жасалатын орган - Ми. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Ата заңға сәйкес орныққан жоғары өкілетті – жоғары палата – Сенат, төменгі палата – Мәжіліс. Классикалық Милтон Фридман (Milton Friedman) ейберлизмнің «измі» сезіледі! Шүкір. Бірақ, өзгешелік те жоқ емес. Сенаттың жетеуі – кезіндегі Елбасының жеке қалауымен таңдалды. Оның «ең жоғарғы өкілеттік өкімет» деп бағалауының негізі де осы жер. Ми жүйесін маразм ұмытшақ, кеудіреу жаңғалақ, жарамсақ күйге түсірмеу үшін үнемі қағынып-сілкініп, болысынша жаңғырып отыруға лайықталған механизмі бар – демсайлау. Мәжілістің жеті серкесі осылай сайлау арқылы «өмірге» келеді. Аңыздағы аспанның жартышарындағы Темірқазыққа байланған «жеті қарақшы» шоқ жұлдызына ұқсас жетеу... Осы Мәжілістің 10-ы партиялардың қалтасынан шығады.
Сайлау – тағдыр, жауапкешілік. Сайлау – жүйе. Сайлану одан да салмақты аманат мандатын арқалау. Парламенттегі депутаттардың кәсібилігі өз алдына өңге әңгіме. Ең бастысы Қоғамдық мүдде маңызды. Әнші, тракторшы, сарай ақыны, дәнекерші, хатшы, кәріқыз, қалтадағы сыйлыққа теңестірілген зейнеткерлер, салафит сақалдылар һәм бақсы тт. мүлде болмаса жөн һәм игі. Жуырда бір әншінің депутатқа шақырылып барып одан өзі бас тартқаны туралы «ерлігін» сұқбатынан естдік. Рас болса ерлікке парапар саяси сауап екен. Алайда, аттың жүрісімен аяңдай алатын атақты кемеңгер Амангелді Айталы абыз ағаға ма, болмаса Гарри Кимоғылы Каспаровқа ма оқшас бірнеше саяси көшекті сезе білетін көшелі мәмілегер саяси шахматшылар отырса құба-құп...
Әрине бәз біреулер популистік уағда бойынша балама,сілтеме тізіммен қалай болса солай еніп келуі де ықтимал. Әрине «Марксистік алдамшы пайымға байланған» (Поппер Карл Раймунд 1902-1994) депутаттар да бар. Бұндай ғадет парламенттің кемелденуіне кереғар нұқсан келтіріп жүретін де хаһи. Жоғары лауазымнан ығыстырылған беделділердің уақытша «тығылатын» жері бұл ара болмауы тиіс еді!? Кеңестік кеңсе секретаршасынан Сенатқа дейін баспалдақсыз өскен «әппақ әжей» депутаттар енді қанағат етіп, үйелменді үйінде немерелерін бағып бес уақыт намазын қаза жіберомей өтеп отырары болса қандай игі!? Ал, зейнеттегі ақсақалдар өз шамасына сай, атақ-абыройына лайық, денсаулығына жайлы орынды таңдап батагөй абыздыққа көшсе. Парламенттегі демалып отыратын кеңестік кексе әскериліктер үшін енді орман күзетшілігі секілді экотабиғи істерді атқарып таза ауада серуен құрып жүре беруге болатын жағдайлар секілді таңдаулар тіптен көп.
Саясаттың сарбаздарының маразмамен алжасуы қиын трагедия. Оның зардабы өлшеусіз. Анасына парламенттік биіктен сәлем жолдайтын оны өзінің «бақыт мінбері» деп түсінетін депутаттар да жүр!? Кейбір мандатты депутаттар мерейтойлар мен садақалардан қалмай ауыл қыдырып дастарқандарда уағыз айтып, терін сүртіп түстеніп жүретіні де күлкілі. Оларды депутаттыққа әурелеу обал. Ал, хас дептаттардың істейтіні қалғып-шұлғып, пиар жасап, біреуді мақтап, орынды, орынсыз көбік попури жырларын зарылап, шерлеп, аузын не түссе соны тантудан мүлдемге бөлек қарекет. Депутат деген барынша харизматик саяси сахнада сарабдал саясат жасауға күмәнсіз ұмтылушы – ес ақылы ақаусыз саяси кәсіби өкіл. Оның соншалықты білімі мен зердесі жетісіп тұрмаса да ақыл есі кінаратсыз болуы әуелгі шарт. Мұнда Француздың әйгілі саяси зертшісі Рожер-Жерард Шарфенбергердтің саяси коммуникацияны «star system»-ге бөліп қарайтын жағын неге қарастыруға болмайды!? Беймағұлым!
Парламент палатасы – дорақтар ойнайтын, бата жасайтын орын емес, һәм оларды бордақылап семіртетін орыннан мұқым басқа да өңге орган. Ұлтық қауіпсіздік, ұлт тәуелсіздігінің күзетшісіне жарайтын – әр мандатты қалаулыны дана халық өз қалауымен ғана депутаттыққа бұйыруы тиіс.Үкіметке сенім һәмсенімсіздік воту-мын жария етуге құқық берліген жердегі ұлт мүддесі «қоян жүректерге» мылжа болмаса керек.
Ел сеніміне опасыздықпен қайшы келіп, міндетін әдейі ақтамаса, ұлт пен тілге сатқындық жасаса оффшорлық, жемқорлық, ұрлыққа жол берілсе, кейін оны шегеретін тәсіл де жоқ емес. Кез келген сенімсіз сәтте парламентті тарқатып жіберуге Президенттің құзыреті де әзір өтімді. Өкініш пен ағаттық көп. Әрине... Әлемде парламентаризмдік құзыреттің мәртебелік жағында да онша мән берілмеген, «ұстанымдарында да» шикіліктері жетеді. Сайлауды бақылайтын жалпығаламдық ұйымдар да жарымбақ. БҰҰ Қауіпсіздік және жөніндегі Еуропалық ұйымы да бұрынағы посткоммунистік елдердің билік жүйесіне небәрі әйтеуір «сақтықпен» қараудан басқаға қауқарсыз. ШЫҰ «Шанхай бестігінен» сегізге секірді. Бұл да жөн, пайдасы бар. Бүгінгі стратегиялық көрші – Ресейлік Дума маңайына әлі әйеңкі үстемшілдеу. Себебі, ол жерде қанша дегенмен аса зерделі ұлтшыл, қаны қызу жүректі серкелері отыр. Кейде осынау Түркияның парламент депутаттарының ұлт мүддесі бойынша келісе алмаған мәселе үстінде жаппай төбелесіп, қырылысып жатқанын көргенде біртүрлі қызығып та , қызғанышпен де қарайсың!?
Империялық зардапты билік арман биігінде дәуірлеп, одақтас, әріптес іздеп жүрген мына заманда – Қазақтың Тәуелсіздік түптұғырындағы парламенттің саяси мүдделері мен оның басты бағдары әмбеге де әлемге де айдай анық болса деген ой мазалайды. Қазақ парламенті – Ұлы далалық демократияның түптағанын оңға түзеу үшін күресуші уәкілеттік иниституция. Сол тұрғыда байырғы жұрттағы бағзы ұлт оған тілекші. Сол үшін де әлеуметтік желіде айтылып жүрген лебіздердің көбіне ұлт көзімен қарауымыз жөн секілді.
Ал президенттік билікті парламентке алмастыру – бүгінгі күннің үзілді - кесілді сауалы да, жауабы да емес. Қазақта «екі аққуға бір басшы» - деген ұлы да байырғы дәстүрлі теория бар. Қос палата біріне бірі бағынышты болмақ емес. Бір палаталы парламенті бар елдер – Германияда (ГФР) бундестаг, АҚШ-да Сенат пен Өкілдер, Ұлы Британияда ақсүйек Лордтар мен Өкілдер, Италияда Сенат пен Өкілдер, Ресейде Федералдық жиналысы Кеңес, Мемлекеттік дума, Жапонияда Халық палатасы мен табанды Алқа билер. Польшада Сейм мен Сенат Президенттің екі қанатындағы дербес институтция есебінде... Қазақ үшін әйтеуір парламенттік осы құрылым сәтті де ұтымды табылған құрылым. Қазақ парламенті демократияға бір табан жақын тұр бүгін. Бұрынғы фашистік, бұрынағы коммунистік жүйе түбірімен жоқ болды деуге ертерек. Дегенмен сондықтан саяси үрей мен қауіп аз болсын дейік. Шарль Монтескьё (1689-1755) «...заң шығарушы орган мен атқарушы биліктің өзара араласып, бір культтің қолына бар биліктің өтуі еркіндікке, бостандыққа зардабы тиеді...», Сондай-ақ, «...заң қабылдаушы орын мен атқарушы биліктің ықпалында сот үкіметі тәуелді болса еркіндік туралы армандаудың керекгі шамалы...» дегені бар.
Қытай басшысы Ши Жиньпин жуырдағы бір сәтінде «Құстар желісін» ұлт бағдарына енгізді?! Ол «тағаны дұрыс болмаса – тау да құлайды» – деді. Бұны біздің пайымгер бабамыз «таудан тас құласа етектегіні ала кетеді...», «суда балық өледі жар құласа...» – деп баяғыда қазақы қара өлеңде де қисындаған... Альбер Камюдің «Сизиф туралы аңыз» эссесінлегі (1942) абсурдтар сықылды!?
Қырғыздың Жогоргу Кеңеші мен Литваның Сеймі, Украинаның Радасы, Беларусьтің Ұлттық жиыны, Эстонияның парламенті тсс. ұқсас ұйымдар ішкі, сыртқы түрткілеуден өзін өзі бақылай алмай ауытқыған тұстары көп. Себебі, аталмыш елдерде ой санасы бір кепке шегенделген неомаркистлер өте көп сайланғаннан осы жағдайдың болуы мүмкін ғой. Парламент – конституция аясында ой жарыстыратын, шешім қабылдайтын, биліктің тармақтарына ие болатын пікірталас алаңы. Тағыда Қытай басшысы – «саяси экология» атауын енгізді. Бұның да қазақтық бағзыдан ұласқан баламасы бар.
Парламент һәм Мәжіліс, Сенат қазақтың Мемлекеттілігін тілін, жерін, шекарасын, бүткіл территориясын жүрегін қорғауға міндетті жасақты Ұлы қорған. Мемлекет дегеніміз – ұлттық тіл, аумақ-территория. Ендеше сол мемлекеттік тілді қорғау жолында бәрін жасауға халықтан мандат берілген тұғыры һәм Отпантауы – Парламент. Өз ұлттық тілін «ойыншық» етіп қорлап отырғандарға әредік жұмсақ қарайтын жүйе – бүгінгі осы ҚР Парламенті мен Сенаты болып отыр. Қазақ тілін, мемлекетін, Ата заңын құрметтемейтін, сөйлегісі келмейтіндерді қалаған жағына қарай босату өз құзырында. Ал, өз ана тілін білмейтін дамуды, өркенді қаламайтындарға, өркениетте жаңғырғысы келмейтін әлжуаз билікке, оны қолдаушы сатылған қазақтарға төтенше жағдай жариялау, бозқысым көрсету, мәжбүрлеу, заңмен қудалау, тіпті қажет болса күш қолдануға дейін баруды парламент қолына алуы – заман талабы еді. Бірақ, тілге келгенде осы Парламенттің тағыда қауқарсыз, сужүректігі бар. Бірақ, жағдай оған дәл бүгін мүлде сәйекеспейді дейді!? Бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе екенін бүгінгі парламентте отырғандардың 95 пайызы мүлдемге түсінбейді десек пе екен,ә!? Әлде!?
Басқаның тіліне өлердей ғашық, өз тілінен жерініп безінген тірі өлік немесе берілген кейбір пасықтар Қазақ жерінде қазақтың қызыл қаны тамған алқапта өсірілген қоңыр астық сары бидайдың қосындысыз таза нанын асап жейді. Алаштың ақ дәмін қазақша «а» білмейтін қарақұстың тас құрсақ күшіктері неге жеуі керек?! Олар көрші Қытайдың «жеңіл күшінің саясатын» өмірінде ұқпай өтететін шығар!? Әуелі осы қатер туралы мағлұмат беріле ме екен!? Егер мәліметі жеткілікті болса қазақ даласының өзен, көлдерін қорғау, азық – түлік саясатына қатысты бір рет те болса мәселе көтерер депутаттар үні естілер еді!? Парламент – білім, технология, стандартты заң өндіретін және дамуды басқаратын, сараптау, талдау мониторингсі күшті құрылым болса.
Ежелгі өз дәстүрлі тілі мен дінінен гөрі сақалы мен балағына ілесіп жатқа кеткен шоқынды, тәнжадысы асқынып, ындыны кепкендер елдің тәуелсіздігін оңай сатады. Егер отағасы – мейлі таза қазақ тілді – қазақ, отанасы – орысша оқыған шала, шараналары – тек өзге тілмен келген ежелгі отардан сақталған еміздікпен ауызданған һәм таза басқаша, көзін ашқанда көргені «соска» ұстаған «нянкі» болса ол – қазақтың жанұясы емес, дүбәрә бірге тұрғандар. Олар тұтас отанына тұтқа бола алмайды. Қазақтың ежелгі бесігін түзетіп, отбасын дұрыс қалыптастыра аламаса Мәжіліс пен Сенатты Президент жылдам тарқатуы керек пе деген сауал туындайды.
Себебі, ол жанұяда отандық сенім, ұлттық патриотизмнің болуы мүмкін де емес. Ондай жазғандар – Тәуелсіздіктің жауы. Ел шетіне қауіп төнген ерекше күн туса ең алдымен бірден сатылатындар да осылар. Қазақ әліпбиіне уызынан жарымағандар бәрібір ел мен жер үшін жанын бермейді, әрі Әлібилердің әдісімен сатылып жүре береді.
СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ